1-сыныпқа балаларды қабылдау туралы ақпарат. 1 сәуірде балаларды бірінші сыныпқа қабылдау үшін өтініштер қабылданады және 2024 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Балаларды мектепке қабылдау тәртібі 2018 жылғы 12 қазандағы № 564 бұйрықпен бекітілген Үлгілік қағидаларда айқындалған. 2024 жылдан бастап құжаттарды қабылдау мерзімі күнтізбелік жылдың 31 тамызына дейін ұзартылды. Бірінші сыныпқа алты жастан бастап даярлық деңгейіне қарамастан балалар және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын, білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағында тұратын балалар қабылданады: өтініш; 3х4 см (2 дана)баланың суреті; анықтама 052-2 / у "баланың денсаулық паспорты".